Словакияда бораннан көлік қатынасы тұралады

Словакияда боран соғып, көлік қатынасы тұралады. Елдің шығысы мен батыс бөлігінде бірқатар теміржол мен автомагистраль жабылды.

Попрад қаласының маңында бір пойыз жолда тұрып қалған. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ал көрші Чехияда қолайсыз ауа райынан кей аудандарда электр желілері істен шығып, 15 мыңнан аса тұрғын жарықсыз отыр.