Израильде үкіметке қарсы ереуіл өтіп жатыр

Израильде үкіметке қарсы ереуіл өтіп жатыр.

Ірі қалаларда мыңдаған адам көшелерге шығып, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың реформаларына қарсылық көрсетуде. Елде мұндай наразылық шаралары соңғы кездері жиілеп кетті. Осы жолы, ең ауқымды қарсылық акциясы Тель-Авивте болды. Ашуға ерік берген халық маңызы бар жолдарды жауып, премьердің резеденциясына өтпек болған. Айта кетейік, жаңа заңнамалық реформаларға  сәйкес, енді Жоғарғы сот, үкімет шешімін жоя алмайды, сонымен қатар сот қызметкерлерін енді парламент таңдайтын болды.