Түркияда қираған үйлерге қатысы бар 10 мердігер қамауға алынды

Түркияда зілзала кезінде қираған үйлерді салуға мердігер болған 10 адам қамауға алынды. Жалпы 163 күдікті ұсталған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Хатай қаласындағы тұрғын үй кешеніне жауапты болған бір мердігер Анталиядағы қонақ үйде жатқан жерінде қолға түскен. Тағы бір күдікті Стамбұл әуежайында тұтылған. Ол әйелімен бірге Грузияға қашпақ болған. Сондай-ақ Газиантепте жермен-жексен болған үйді салған тағы бір мердігер темір тордан бір-ақ шықты. Ол техникалық ақауға жол берген. Тағы ондаған адамға іздеу жарияланды.