Панамада автобус апатынан 39 адам көз жұмды

Панамада автобус жардан құлап, 39 мигрант көз жұмды.

Көлікте жалпы 66 босқын болған. Әртүрлі жарақат алған 20-ға жуық адам шұғыл ауруханаға жеткізілді. Автобус джунглидің қауіпті бөлігі арқылы мигранттар лагеріне қарай бара жатқан. Былтыр осы жерден 248 мың мигрант өтіпті. Көбі - Венесуэла тұрғындары. Көші-қон қызметі босқындардың қай елдің азаматы екенін әзірге жариялаған жоқ.