Болгарияда жүк көлігінде 18 босқынның мәйіті табылды

Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропаға заңсыз кірмек болған Ауғанстан азаматтарының өліміне қатысты 7 күдікті қамауға алынды. Оқыс оқиға София қаласының маңында болған. Көлікке бас-аяғы 52 мигрант мінгені анықталды. Олардың 19-ы ауруханаға түсті. Босқындарға ауа жетпей, тұншығып қайтыс болған. Адамдар жүктердің арасына жасырынған. Әрқайсысы діттеген бағытқа жету үшін 5 мың еуро төлеген екен. Мигранттарды тасмалдағандар көлікті тастап, оқиға орынан қашпақ болғанда ұсталыпты.