Германия тұрғындары зілзала құрбандарын еске алды

Германия тұрғындары жер сілкінісі кезінде Түркия мен Сирияда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шара Берлиндегі Бранденбург қақпасының қасында өтті. Құрбандардың рухына тағзым етуге қала тұрғындарымен бірге саясаткерлер мен дипломаттар да қатысты. Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер марқұмдардың туғандары мен жақындарына көңіл айтты. Германиялықтар зілзала болғанын естігеннен-ақ Түркия мен Сирияға жүздеген тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Блиц:

- Түркия қазір ауыр күндерді бастан кешіп жатыр. Біз қайғыға ортақпыз. Менің Аданадағы туыстарым құдайға шүкір зілзаладан аман. Бірақ олар Измирге көшпек. Өйткені жер сілкінісі кезінде баспаналары қатты бүлінді.

- Жер сілкінісінен менің апайым мен оның отбасы жапа шекті. Сол күндері олар көлікте түнеді. Жақында Германияға алып келдік. Ол жақта жұмыс істеген құтқарушылар көп елді мекеннің зардап шеккенін айтады. Сондықтан қазіргідей қиын сәтте біз бірге болуға тиіспіз.