Таяу Шығыста әскери операциядан 10 адам қаза тапты

Таяу Шығыста әскери операциядан 10 адам қаза тапты

Таяу Шығыста жағдай қайта шиеленісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Израиль күштерінің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әскери операциясы қақтығысқа ұласты. Соның салдарынан 10 палестиналық қаза тапты. Тағы 100-ден аса адам жарақат алды. Оқиға Наблус қаласында болды. Израиль жасақтары лаңкестікке қатысы бар деген 3 күдіктіні тұтқындамақ болған. Олардың үйін қоршап, берілуін сұрағанда атыс басталып, 3 лаңкес оққа ұшады. Содан соң жергілікті палестиналықтар оқиға орнына жиналып, еврей сарбаздарымен қақтығысты.