АҚШ-та қылмыскер 3 адамды ажал құштырды

АҚШ-та тағы да атыс болды. Флорида штатының Орландо қаласында 19 жастағы жігіт 3 адамды атып өлтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Алдымен қаскөйдің қолынан 20 жастағы әйел қаза тапты. Кейін қылмыскер оқиға орнына жеткен жергілікті телеарнаның тілшілеріне оқ атқан. Біреуі қаза болып, екіншісі жараланды. Мұнан соң қаскөйдің бір үйдегі 9 жасар бала мен анасына оқ атқаны белгілі болды. Бала бірден көз жұмған, ал ауыр жараланған әйел ауруханаға жеткізілді.

Қару-жарақ еркін сатылатын АҚШ-та осындай оқиғалар жиі болып тұрады. Жыл басталғалы бері ел аумағында 70-тен аса атыс болған.