АҚШ-та 900 мыңға жуық ғимарат жарықсыз қалды

АҚШ-тың солтүстік-батысында боран мен жаңбыр әлі басылмай тұр.

Соның салдарынан 900 мыңға жуық үй мен жеке нысан жарықсыз қалды. Қаһарлы қыс Уисконсин, Мичиган, Иллинойс, Индиана мен Нью-Йорк штаттарының тұрғындарын әбігерге салды. Соңғы ақпарат бойынша, 1300-ден астам әуе рейсі тоқтатылған немесе кейінге шегерілген. Билік жүргізушілерге жолға шықпауды ескертіп жатыр.  Желдің екпіні сағатына 80 шақырымға, ал қардың қалыңдығы 46 сантиметрден асқан. Кей жерде температура минус 40 градусқа жетті. Сарапшылар боранның жиілеп кетуін климаттық өзгерістермен байланыстырады.