Португалияның аяқ киім өндірісінде зиянды қалдық азайды

Португалияның аяқ киім өндірісі қоршаған ортаны қорғауға үлкен қадам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пиреней түбегіндегі 120 компания 2030 жылға дейін ауаға шығаратын зиянды қалдық көлемін екі есе азайту туралы келісімге келді. Құжатқа сай компаниялар аяқ киім дизайны мен оның қорабы және энергия үнемдеу бойынша 10 міндеттемені орындауға келісті. Уағдаластық осы елдің Аяқ киім өндірушілер қауымдастығының мұрындық болуымен жүзеге асып отыр.

Педро Сарайва, Bolflex компаниясының сату бөлімінің басшысы:

- Бұған дейін біз жыл сайын қоқысқа 300 тонна қалдықты тастаушы едік. Бұл экологиялық тұрғыдан өте үлкен мәселе болатын. Жаңа құжат жағдайды түбегейлі өзгертетініне сенімім мол.