Аргентина құс етін экспорттауды тоқтатты

Мұндай шешім құс тұмауының шығуымен байланысты қабылданып отыр. Бұл туралы елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Халықаралық ережеге сәйкес экспорт тоқтағанымен, мамандар вирустың адам денсаулығы үшін аса қауіпті емес екенін айтады. Жалпы, елде құс тұмауының 25 оқиғасы тіркелген.