Гонконгте зәулім үйдің өртінен адамдар эвакуацияланды

Гонконгте салынып жатқан зәулім үй өртеніп, 100-ден астам адам шұғыл эвакуацияланды.

Өрт құрылыстың жоғарғы қабаттарыннан шыққан. Лаулаған жалын тез тарап, көрші ғимараттарға зақым келген. Өрт сөндірушілер жалынды әлі сөндіре алмай жатыр. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Өрттің неден болғаны белгісіз.