Австралияда 2,5 тонна кокаин тәркіленді

Оның қара нарықтағы құны шамамен 700 млн АҚШ долларына тең, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Америкадан шыққан зат Австралия мен АҚШ-тың құқық қорғау органдары қатысқан арнайы операция кезінде әшкере болды. 12 адам ұсталған.

Полиция комиссары:

- Былтыр қарашада Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма өкілдерінен ақпарат келіп түсті. Олар Сиднейге кокаиннің ірі партиясы жеткізілуі мүмкін екенін ескертті. Біз АҚШ-тың жағалау күзетінің көмегіне жүгіндік. Сөйтіп, трансұлттық қылмыстарды тергеу жөніндегі бөлім мамандары мен шетелдік әріптестеріміздің біріккен жұмысының арқасында қаскөйлердің жолы кесілді. Бірақ алда көп шаруа бар. Өйткені есірткі саудасына қатысты өзге де күдіктілерді қолға түсіруіміз керек.