Австралияда орман өрті қаупі күшейді

Австралияның шығысында күн ысып, орман өрті жиіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 33 жерде орман лаулап жатыр. Олардың оннан астамы сөндірілген. Бірақ жалынның тарау қаупі жоғары. Табиғат апатына байланысты аймақта бірнеше мектеп жабылды. Сиднейде күннің ысуынан жағажайға барып, суға шомылып салқындап жүрген тұрғындар көп. Синоптиктер болса алда тәулктерде күннің одан әрі ыситынын ескертіп отыр.