ЕО Шенгеннің жаңартылған дерекқорын іске қосты

Еуроодақ Шенгеннің жаңартылған ақпараттық жүйесін іске қосты.

Қазір ол Кәрі құрылықтың 30 елінде жұмыс істейді. Жазда олардың қатарына Кипр да қосылады. Ақпаратты 2016 жылдан бастап жинай бастаған. Оны еуроодаққа мүше мемлекеттердің миграцияға жауапты мекемелері, Еуропол және Еуропаның шекаралық пен жағалау күзеті пайдалана алады. Кеңейтілген жүйеге іздеу жарияланған мен із-түссіз жоғалған адамдар және заңсыз мигранттар туралы ақпарат енгізіледі. 

Анита Хиппер, Еурокомиссия өкілі:

- Шенгеннің жаңартылған ақпараттық жүйесі әлемдегі ең озық шекаралық бақылау жүйесінің бір бөлігі болады. Ол тексерудің жаңа санаттарынан тұрады, атап айтқанда биометриялық деректер: алақан мен саусақтардың толық таңбасы және із-түсіз жоғалғандардың ДНК-жазбалары. Оған қоса, қылмыстық пен лаңкестікпен күрестің жаңа құралдары қолданылады.