Бангладеште көпқабатты үйдегі жарлыстан көз жұмғандар саны 22-ге жетті

Ел астанасы Даккада бірнеше күн қатарынан іздеу-құтқару шаралары жүрген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір барлық жұмыстар ресми түрде аяқталды. Алдын ала  болжам бойынша, апатқа жинақталған газ себеп болуы мүмкін. Полиция 3 күдіктіні ұстады.

Естеріңізге салайық, таяуда жергілікті базар аумағында 7 қабатты ғимаратта жарылыс болған. Көрші тұрған 2 көпқабатты үй зақымдалған. Жолдың қарама-қарсы жағында тұрған автобус та қирап қалған еді.