Брюссель: Түркияға 7 млдр еуро көмек беріледі

Брюссель: Түркияға 7 млдр еуро көмек беріледі

Алпауыт елдер Түркияға 7 млдр еуро көмек бөлмек.

Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын барысында айтылды. Швецияның премьер-министрі Ульф Кристерссонның айтуынша, Түркиядағы апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету маңызды, үйсіз-күйсіз қалған,  ертеңгі күнге үмітін жоғалтқан жұртқа  бұл жәрдем ауадай қажет. Бұған қоса, Еуропа зілзаладан кейін апатты аймақтарға  1500-ден астам құтқарушы жібергені белгілі болды. Дегенмен, ЕуроОдақ Түркияда адам құқықтары жеткілікті деңгейде сақталмайды деп айып тағуда. Айта кетейік, Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 56 мыңнан асқан. БҰҰ-ның деректері бойынша, жалпы шығын көлемі 100 млдр доллардан асып отыр.