Ауғанстанда 4 млн тұрғын көмектен құр қалды

Ауғанстанға гуманитарлық көмекке қаржы жетпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан осы айда 4 млн тұрғын қажетті жәрдемнен құр қалды. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері осылай деп отыр. Мамандар халықаралық қауымдастықтан алдағы 2 айға 93 млн доллар сұрайды. Ұйым деректеріне сүйенсек, бүгінде Ауғанстанда 28 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Бұл – жергілікті тұрғындардың үштен екісі. 6 млн ауған азаматы аштық алдында тұр.

2021 жылы тәліптер (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билікке келгелі сырттан көрсетілетін қаржылай көмек көлемі азайған. Ол аздай, құрғақшылық жайлап, азық-түлік тапшылығын ушықтырып жіберді.