Кахраманмарашта тағы жер сілкінді

Бұл жолғы тербеліс қуаты – 4,7 балл.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Кеше де осы өңірде күші 4-5 балдық екі жер асты дүмпулері тіркелген еді.  Кахраманмараш Араб және Анадолу тектоникалық тақталары түйіскен жерде орналасқан. Сондықтан сейсмикалық жағынан қауіпті аймақ саналады. 6 ақпанда Түркияның осы аумағында қуаты 7 баллдан асқан екі жер сілкінісі болған еді. Содан бері жүздеген афтершок тіркелген.