Португалияны қымбатшылық жайлады

Португалияны қымбатшылық жайлады

Үкімет негізгі тауарларға қосымша құн салығын алып тастаса да бағалар өсіп жатыр.

Аталған тізімге сүт, нан, күріш, қызанақ және ет пен балықтың бірнеше түрі енгізілген еді. Осы заттардың құнынан 6 ай бойы 6 пайызды құрайтын салық ұсталмайды. Бірақ тұрғындар жағдайды жақсартуға бұл да көмектеспей жатыр деп шағымдануда. Соңғы күндері жеміс-жидек пен көкөністің бағасы 20 пайызға қымбаттады. Билік қолдан келгенін жасап жатыр. Мәселен, жағдайы нашар тұрғындарға берілетін көмекқаржы көлемін де арттырды.