АҚШ-та жұрт еңбек демалысын толық пайдаланбайды

АҚШ-та жұмыс істейтін адамдардың 52 пайызы еңбек демалысын толық пайдаланбайды.

Олардың көпшілігі бұл аса қажет емес деп есептейді екен. Ал кейбірі "ұзақ демалып жүргенде жұмысымнан айырылып қаламын" деп қорқатын көрінеді. Мұндай тенденция арнайы зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесінен кейін белгілі болды. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істеу де толық демалуға кедергі. Дейтұрғанмен, сарапшылар тиісті еңбек демалысын толық алу өте маңызды деп санайды.