Колумбияда оянған жанартаудың қаупі күшейді

Геологиялық қызмет 7 рет жер сілкінгенін хабарлады.

Дүмпулердің қуаты 2-ден 4 балға дейін жеткен. Жергілікті билік 2 мың тұрғынға шұғыл көшу туралы ескертпе жасады. 40 жыл бұрын Невадо-дель-Руис Анд жанартауы атқылап, 25 мыңнан астам адам ажал құшқан еді.

Евелио Ортиз, шаруа:

- Мен бұл жанартаудан қорықпаймын. Себебі ол баяғыда жарылып, атылып тынышталды. Иә, оның дабысы өте қатты болады, өйткені оның кратері өте үлкен. Бұл дауыстар тастар құлаған кезде шығады.