Қытай «Тайвань егемендігі» үшін күресушілерге ескерту жасады

Тайвань төңірегіндегі ахуал тағы да ушықты.

Бұл жолы оған, Арал әкім-шілігі басшысының АҚШ-қа сапары себеп. Былтыр да ұқсас жағдай болған. Ол кезде өкілдер палатасның бұрынғы спикері Нэнси ПелосИ, Тай-бэйге небәрі 20 сағатқа келемін деп, шу шығарған еді. Мейман кеткеннен кейін, Қытай билігі өңірде әскери оқу-жаттығулар бастап, сес көрсетті.      

Қытай мен Тайвань арасындағы жағдай онсыз да күрделі. Өйткені Бейжің оны өз аумағы санайды. Ал арал өз тәуелсіздігі туралы жария етеді. Таяуда Тавань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнь АҚШ-қа сапар шеккен. Өткен аптада ол Калифорнияда өкілдер палатасының спикерімен кездескен. Басқосу жабық есік жағдайында өтті. Өз сөзінде америкалықтар да, ресми Тайбэй де Қытай билігінің саясатын қатаң сынға алды.

Цай Инвэнь, Тайвань әкімшілігінің басшысы:

- Тайвань халқы демократияны қолдайды. Бейбітшілікті қалайды. Және халықаралық қауыымдастық алдындағы өз міндеттерін орындауға тырысады. Біз АҚШ-пен және өзге де елдермен бірге жұмыс істеп, өз құндылықтарымыз бен демократиямызды қорғауды жалғастыра бермекпіз.

Бұл сапардан кейін Бейжіңнің жауабы көп күттірмеді. Келесі күні Қытай әскери оқу-жаттығуларын бастап кетті. Билік оны аралға қатысты "қатаң ескерту" деп атады. Бүгін шараның соңғы күні. Оқу-жаттығу кезінде Қытай әскерилері бір жағдай бола қалса, қай жерге соққы беретініне дейін пысықтап қойған. Шараға ұшақ тасығыш кемелер, бомбалаушы ұшақтар, зымырандар тартылған.   

Ван Вэньбинь, Қытай СІМ ресми өкілі:

- Біз «Тайвань егемендігі» үшін күресіп, арандату әрекеттеріне баратын сепаратистік күштерге қатаң ескерту жасаймыз. Бұл оқу-жаттығулар Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға бағытталған шара.

Тайвань әкімшілігі шиеленісті ушықтырғысы келмейтінін айтты. Бірақ қол қусырып қарап отырмай, жауап қайтаратынын да жеткізді. Сондай-ақ бұл жағдайды пайдаланып, арал әскерінің жауынгерлік дайындығын пысықтап, жаттығу өткізді. Тараптар бір-біріне ескерту жасап, сес көресітп жатқанда, қарапайым тұрғындар еш алаңдамайтындарын айып отыр.

Қытай, Тайвань аралы

БЛИЦ:

- Біз ондайға үйреніп қалғанбыз. Түк те етпейді. Қаншама жыл болды ғой, жағдай қайталана береді. Бейжің үнемі осылай әрекет етеді.

- Біздің қолымыздан не келеді? Саясатқа аралспаймыз. Біз бейбіт өмір сүргіміз келеді. Бар болғаны осы ғана.

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілдері жағдайды жіті бақылап отырғандарын айтты. Сенаторлар аралға әскери көмек беру жағын күшейтуге шақырды. Негізі америкалықтар Қытайды қолдап, Тайваньмен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасын 40 жыл бұрын үзген еді. Десе де, аралға өзін өзі қорғауға көмектесу туралы заң қабылдаған. Президент Джо Байден егер Бейжің Тайбэйге шабуыл жасаса, жағдайға араласатынын талай мәрте ескерткен. Алайда қытай тарабы мұны елдің ішкі жағдайы мен аумақтық тұтастығына қол сұғу деп санайды.