Флорида штатында жауған жаңбырдан Форт-Лодердейл қаласы су астында қалды

АҚШ-тың Флорида штатында бірнеше сағат бойы төпелеп жауған жаңбырдан Форт-Лодердейл қаласы су астында қалды.

Көшелер көлге айналып, жұртты әбігерге салды. Жергілікті әуежай жабылып, көлік қозғалысы қиындап тұр. Аймақта төтенше жағдай режимі жарияланған. Жергілікті метеорологиялық қызмет өкілдерінің айтуынша, елді мекенге 600 миллиметрден астам жауын түсіпті. Қазір көшелерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал үйлерін су басқан тұрғындарға Қызыл крест ұйымы көмектесуде.