Италияның мемлекеттік қарызы көбейді

Сарапшылар мұндай сома бұрын-соңды болмаған жағдай дейді.

Қазіргі берешек 2,7 триллион еуродан асады. Бұл ақшаны тұрғындар санына бөлсе, елдің әр азаматы 47 мың еуродан қарызға батады. Қазір Италияда өндіріс азайып, экономика шатқаяқтаған. Елді жалпы ішкі өнімі азайып, тиісті көрсеткіш пен мемлекеттік қарыз арасында үлкен айырмашылық пайда болды.