Кубада жанармай жетіспей жатыр

Кубада жанармай жетіспей жатыр. Оған жақында болған кеме апаты себеп.

Осыдан кейін отынды жеткізу жағы қиындаған. Салдарынан жүргізушілер жанармай құю бекеттерінде сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Аралда күнделікті 500-600 тонна бензин тұтынады екен. Бірақ қазір қалған отынның тәулікке шаққандағы көрсеткіші 400 тоннаға да жетпейді.  

Николя Перес, жүк көлігінің жүргізушісі:

- Мен төрт күн бойы кезекте тұрдым. Күтпейін десең тағы болмайды. Өйткені жанармайсыз жұмысым тоқтап қалады. Ал мен жұмыс істемесем, отбасым аш отырады.