Пәкістанның полиция учаскесінде жарылыс болды

Пәкістанның Сват округіндегі полиция учаскесінде жарылыс болып, 13 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

50-ден астамы жарақат алды. Жарылыс оқ-дәрі қоймасындағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.