Испанияда аптап ыстық

Кей қалаларда ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай ыстық елде бұл мезгілде бұрын-соңды болмаған, - дейді жергілікті тұрғындар. Синоптиктер Севилья қаласында күн – 40 градус, ал Сарагоса пен Мадридте 35 градусқа дейін көтеріледі деп отыр. Мамандар аптап ыстыққа Солтүстік Африкадан келген ауа массасы түрткі болған дейді. Болжам бойынша, жоғары температура елде аптаның соңына дейін сақталады. Жергілікті метеорология қызметі ыстық климат енді Мароккоға келуі мүмкін дейді.