Үндістанда жарылыстан 11 адам қаза тапты

Үндістанда жарылыстан 11 адам көз жұмды.

Қаза тапқандардың қатарында 10 полицей мен 1 жергілікті тұрғын бар. Дүмпу елдің Чхаттисгар деген штаттың орталық көшесінде болған. Полиция деректеріне қарасақ, үкіметке қарсы қарулы топтардың бірі оқиғаға жауапты екені анықталды. Олар осылайша өздеріне назар аудартып, кедей фермерлердің құқығын қорғауды талап етіп жатыр. Сондай-ақ әлеуметтік әлсіз топтарға жер беріп, өңірдегі пайдалы қазбаларды халыққа үлестіру керек дейді қозғалыс өкілдері. Ел Премьер-министрі Нарендра Моди бұл шабуылды қатаң айыптады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазған.