Суданда атысты тоқтату келісімі ұзартылды

Суданда қақтығысушы тараптар атысты тағы 3 күнге тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бітім Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың арағайындығымен ұзартылды. Шара бейбіт халыққа гуманитарлық көмек көрсетіп, тұрғындардың ел ішінде еркін қозғалуына мүмкіндік беру үшін қолға алынған.

Суданда 2 аптадан бері осы елдің Қарулы күштері мен Жедел әрекет ету жасағы арасында қарулы қақтығыс жалғасып келеді. 500-ден аса адам қаза тауып, 4 мыңнан астамы жараланды. Жүздеген мың тұрғын шетелге бас сауғалады.