Қытайда жер сілкінді

Қытайдың Юньнань провинциясында 5,2 балдық жер сілкінісі болды.

Зілзала ошағы Баошань қаласына 29 шақырымдай жерде тіркелді. Жер сілкінісі аймақтағы басқа шаһарларда да сезілген. Алғашқы зілзаладан кейін тағы бірнеше дүмпу қайталанды. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Өңірге арнайы құралмен жабдықталған 600 құтқарушы аттанды.