Таяу Шығыста экономикалық өсім баяулайды

2023 жылы Таяу Шығыста экономикалық өсім баяулап, 3% болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы бұл көрсеткіш 5%-тен асқан еді. Халықаралық валюта қоры мамандарының мәлімдеуінше, бұған инфляцияның жоғары деңгейі себеп. Аймақта энергия көздері мен азық-түлік бағасы өсіп кетті. Оған қоса Судандағы әскери қимыл да экономикалық ахуалды ушықтырып жіберді. Жалпы биыл Таяу Шығыста инфляцияның 15%-ке жететін түрі бар.