Еуропаның Орталық банкі мөлшерлемені көтерді

Еуропаның Орталық банкі мөлшерлемені көтерді

Еуропалық Орталық банк қайта пайыздық мөлшерлемені көтеріп, жаңа максимум орнатты. 

Дегенмен, бұл жолы бұрынғыдай 50 пунктке емес, 25 пунтктке көтерді. Бұл АҚШ Федералдық қор жүйесінен кейінгі қабылданған шара болды. Еуроаймақта инфляция деңгейі жоғары болғандықтан, оны ауыздықтауға арналған қимыл. Сәуір айында инфляция деңгей 7 процентке жетті. оны 2 процентке дейін түсіру көзделіп отыр.

Кристин Лагард, Еуропалық Орталық банкінің төрағасы:

- Экономикалық дағдарыс басылғанда үкіметтер дереу әрі үйлесімді түрде қолдау шараларын тоқтату қажет. Бұл инфляцияның өршуіне жол бермеу үшін керек. Қаржылық саясат экономиканың өнімділігін арттыруға және мемлекеттік қарызды біртіндеп азайтуға бағытталуы тиіс.