Пәкістанда экс-премьер-министр Имран Хан ұсталды

Бұрынғы үкімет басшысына қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қамауға алынғаннан кейін бүкіл ел бойынша наразылық шаралары басталып кетті. Ереуілшілер жолдарды жауып, ғимараттарға басып кірген. 1 адам қаза болды, 15-і жарақат алды. Жақтастары Имран Ханды бостандыққа шығаруды талап етуде.