Қытайдағы бала туу киім-кешек саудасына әсерін тигізді

Қытайда бала туудың азаюы балаларға арнап киім тігетін компанияларға қауіп төндіріп тұр.

Әзірге демографиялық дағдарыстың әсері онша білінбесе де алдағы бес жылда киім-кешекке сұраныс кемуі ықтимал. Қазірді өзінде брендтер табысынан айырылмас үшін балалар мен ата-аналарға бірдей етіп тігілген киімдерді сатып жатыр. Кейбір компаниялар үй жануарларына арналған тауар шығара бастады. 1980 жылдан 2015 жылға дейін Қытай "жалғыз бала" саясатын ұстанды. 2021 жылы үкімет үш бала тууға рұқсат берді. Алайда бұл ахуалды жақсартқан жоқ. Былтыр кейінгі 60 жылда Қытай халқының саны алғаш рет қысқарды.

Ян Чжан, NATUNAKIDS компаниясының бас директоры:

- Расында да бала тууының азаюы сезіліп тұр. Қазір әсері онша білінбесе де алдағы үш-бес жылда барлық брендтермізге ықпал етеді деп санаймын. Оған қоса берндтер арасында бәсеке күшейеді, өйткені тұтынушылар саны азайып барады.