«Евровидение» байқауының финалына шыққан елдер анықталды

«Евровидение» музыкалық байқауының финалына қатысатын елдер толық белгілі болды.

Ол кеше Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен жартылай финалдың екінші іріктеу кезеңінде анықталды. Оның қорытындысы бойынша Албания, Кипр, Эстония, Бельгия, Австрия және тағы 5 елдің өкілдері ақтық сынға жолдама алды. Бұған дейін алғашқы іріктеу кезеңінде тағы 10 ел әншілері финалға өткен болатын. "Евровидение" финалы 13 мамыр күні осы Ливерпуль шаһарында өтеді.