Түркиядағы сайлау нәтижесіне болжам айту қиындады

Түркияда президент сайлауының алғашқы нәтижелері шықты.

Соған сай қазіргі мемлекет басшысы Реджеп Тайип Ердоған сәл ғана басымдылықпен алда келеді. Сарапшылар ресми нәтиже шықпайынша, әзірге қандай да бір болжам айту қиын деп отыр. Тіпті екінші турдың да өтуі мүмкін. Cайлау нәтижелері қашан белгілі болады? 

Меруерт Қанағат, тілші:

-  Түркияда қазір таңғы сағат 10:00. Бұл түн түрік жұрты үшін ұзақ болды. Туыстас халық қазірге дейін көз ілмей, сайлау нәтижелерін төрт көзбен күтіп отыр. Жоғарғы сайлау комиссиясы осыдан 7 сағат бұрын мәлімдеме жасады. Түнгі сағат 02:25-те жасаған мәлімдемесіне сәйкес, 91,93% сайлау учаскесінің дауысы бойынша Реджеп Тайип Ердоған 49,49%, Кемал Кылычтароғлұ 44,79%, Синан Оған 5,29%, Мухаррем Инже 0,43% дауыс алған. 

Сондай-ақ парламенттік сайлауда қазіргі таңда 7% ел межесінен өткен саяси партиялар келесідей:

– Әділет және даму партиясы, Ұлтшыл қозғалыс партиясы, Әл-ауқат партиясы және Ұлы бірлік партиясы, Республикалық халық партия және жақсылар партиясы; Жасылдар және солшыл болашақ партиясы Түркияның жұмысшы партиясы болып табылады. 

Елде ресми емес сайлау нәтижелерін Анадолу және Анка ақпарат агенттіктері жариялап отыр. Анадолуының нәтижесі бойынша, елде 99,1% дауыс саналған. Онда Ердоған, 49,36%, Кылычтароғлұ, 44,99%, Оған 5,21%, Инже 0,43% жинаған. 

Ал Анкараға сәйкес, 96,9% дауыстың Ердоған 49,3% Кылычтароғлұ 45,01%, Оған 5,26% алған. 

Тап қазіргі көрсеткіш сайлаудың екінші турға қалатынын көрсетіп тұр. Дегенмен, алдағы сағаттарда нақты нәтижені көрсетеді. Сайлау ережесі бойынша үміткерлердің біреуі 50% межеден асыуы тиіс. Екінші кезең 28 мамырға жоспарланған. Дегенмен, әлі де саналмаған дауыстар бар. Жаңа ғана бұл түнде бауырлас халқымыз көз ілмегенін айтқан едім. Себебі түркиялықтардың дені саяси белсенді. Осыдан болар, таңға дейін екі негізгі партия ғимараты алдына келушілердің қарасы қалың болды. Сондағы президенттікке үміткерлердің мәлімдемесін назарларыңызға ұсынамын.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті, үміткер:

- Сайлауда біз ең жақын бәсекелесімізді 2,6 миллион дауыспен басып оздық. Бұл көрсеткіш түпкілікті нәтижелермен әлдеқайда жоғары болады деп ойлаймын. Біздің сайлау жүйеміздегі 50 плюс 1 пайыздық шектеуге байланысты президенттік сайлау бірінші турда аяқталды ма, жоқ па, әзірге білмейміз. Ұлтымыздың шешімі сайлаудың аяқталғанын көрсетсе, онда мәселе жоқ. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің заң шығарушыларының сайлауы біздің Халық Одағының басымдықпен жеңіске жетуімен аяқталды. 

Кемал Кылычтароғлұ, үміткер:

- Барлық қаралау науқандары мен қорлауларына қарамастан олар күткен нәтижеге жете алмады. Ешкім орындалды деп қуанбауы керек. Сайлау деректері әлі де келіп түсуде. Егер халқымыз екінші турға шешім қабылдаса, қуанамыз. Бұл сайлауда екінші турда міндетті түрде жеңіске жетеміз.

Синан Оған, үміткер:

- Сайлау екінші турға өтіп, түрік ұлтшылдары мен кемалисотер екінші турдың анықтаушысы болатын сияқты. Қымбатты достар, алда бізді тағы бір қиын 15 күн күтіп тұр және осы уақыт ішінде сайлау ағымдағы нәтижелермен аяқталып, екінші турға өтсе, біз бұл процестің ұлтымыз үшін жақсы болуы үшін бар күшімізді саламыз. Қазіргі уақытта біз бір партияны қолдаймыз, екіншісін қолдаймыз деп отырған жоқпыз.