Малайзияда ірі сауда орталығынан өрт шықты

Оқыс оқиға Куала-Лумпурде болды.

Апат салдарынан шаһардың орталық көшелерін көк түтін басып, көлік қозғалысы тежелді. “Рейтер” агенттігінің деректеріне сүйенсек, сауда орталығында жарық сөніп қалған. Адамдар жаппай эвакуацияланып жатыр.  Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Нысанның әлеуметтік желідегі парақшасындағы соңғы дерекке сүйенсек, тілсіз жау ауыздықталды деп хабарланды. Қазір апаттың шығу себебі және шығын көлемі анықталып жатыр.