Анкарада дауылдан ғимараттардың шатыры ұшты

Түркияның Анкара қаласында жаңбыр жауып, қатты дауыл соғып, бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті.

Жойқын жел  орталық мешіттің мұнарасын қиратып бүлдірген. Оқиға кезінде бір әйел жарақат алды. Дауылға байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына барынша абай болу ескертілді. Себебі синоптиктер аймақта жаңбырлы дауыл әлі де жалғасуы мүмкін деп отыр.