Непал тауларында 84 жастағы альпинист құтқарылды

Ол әлемдегі ең биік шыңдардың бірін бағындырмақ болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 мың метрге жеткенде жіліншік сүйегі сынып жарақат алған. Абырой болғанда, құтқарушылар уақытында келіп, қарт альпинисті тікұшақпен ауруханаға жеткізген.

Тоқсанды алқымдаған қария жердің ең биік шыңдарын бағындыруды армандайды. Бұған дейін ол 12 тауға шыққан еді.