Францияда кәсіподақ мүшелері шеруге шықты

Францияның оңтүстік-шығысындағы Ле Канне және Канн қалаларында кәсіподақ мүшелері шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар президент Мануэль Макрон билігі ұсынған зейнетақы реформасына қарсы бас көтерген. Канн қаласында полиция ереуілшілердің жолын бөгеді. Өйткені мұнда Канн халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр.

16 мамырда басталған шара осы аптаның сенбісіне дейін жалғасуға тиіс. Зейнетақы реформасына қарсы наразылық шаралары бірнеше айдан бері жүріп жатыр. Заң жобасы бойынша зейнет жасы 62-ден 64-ге көтеріледі.

Юнес Йахиауи, ереуілші:

- Біз Макронның қыр соңынан қалмаймыз. Талабымыз орындалмайынша тоқтамаймыз. 64 жаста зейнеткерлікке шығуға түбегейлі қарсымыз.