Италияда жанартаудың оянуынан әуе рейстері тоқтатылды

Италияның шығысында Этна жанартауы қайта оянып, аспанға күл шашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан Катания қаласындағы әуежай уақытша жұмысын тоқтатып, әуе рейстері кейінге шегерілді. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Қауіпті аудандардан тұрғындарды көшіру туралы шешім қабылданбаған.

Мамандар қазір отты тау маңы бұлтты болғандықтан, бақылау қиынға соғып отырғанын айтады. Этна жанартауы жыл сайын бірнеше рет атқылайды.