Швецияның 7 әкімшілік аумағы қазба отыннан толығымен бас тартты

Қоршаған ортаға зиянды энергетика өнімін тұтыну 98 пайызға дейін төмендетілген.

Оның орнына "жасыл" энергия көздері іске қосылды. Бірінші кезекте қозғалыс құралдары алмастырылды. Мемлекеттік қызметшілер велосипедтер мен электр көліктерін тізгіндеді. Екіншіден, барлық органикалық қалдық биоотын ретінде қайта өңделетін болды. Бұл жобаға бас-аяғы 1 жарым миллион еуро жұмсалды. Оның жартысын еуропалық қорлар берген. Соңғы 7 жылда ауаға залалды газ қалдығы 70 пайызға қысқартылған.