Швейцарияда «жасылдар» әуежай жұмысын тоқтатып тастады

Табиғат қорғаушы Гринпис ұйымының белсенділері Женеведағы әуежайдың жұмысын бірнеше сағатқа тоқтатты.

Мұнда бизнес-джеттердің  көрмесі өтіп жатқан. Жүзден аса адам ұшу-қону жолағына шықты. Олар жеке меншік ұшақтардың қатынасына тыйым салуды талап етті. Бизнес-джет бір сағатта ауаға бір тонна көмірқышқыл газын шығарады екен. Соңғы жиырма жылда жекеменшік ұшақтардың саны екі есе артты, дейді экологтар.

Клара Мария Шенк, Орталық және Шығыс Еуропадағы гринпис ұйымының өкілі:

- Тек азғантай адам жеке меншік ұшақты иелене немесе жалға ала алады. Бұл кісілер қоршаған ортаны шамадан тыс ластайды. Климаттық дағдарыс күннен күнге ушығып келеді. Еуропада қыс бойы қуаңшылықты көрдік, енді көктемгі дауылдар басталды. Ал осы кезде болашағымызды ойламайтын шіріген байлар ортамызды ластап жатыр. Мұны доғару керек.