Канадада орман өрті басылмай тұр

Канадада орман өрті басылмай тұр

Тілсіз жау 1 млн гектардан астам аумақты шарпыған.

Қазір Альберта штатында жағдай қиын.  Мұнда лапылдаған оттың 91 ошағы  тіркеліп отыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға АҚШ пен Канададан 2800 өрт сөндіруші жұмылдырылған. 40-тан астам тасжолда көлік қозғалысы қиындап, уақытша жабылды. 30 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды. Жергілікті билік орман өртін сөндіруге екпінді жел кедергі келтіріп отыр дейді.

Кристи Такер, өрт сөндіру қызметінің менеджері:

- Негізі 70 шақты өрт ошағында жағдай қиын. Олардың 20-сы бақылаудан шығып кетті. Соңғы күндері жаңбыр жауып, бұл өртсөндірушілердің жұмысын жеңілдетті. Дегенмен, тілсіз жау әлі басылмай тұр. Қазір апаттық жерлерге көмекке АҚШ-тан 1100-ден астам маман келген. Аптаның соңына қарай жағдай ушықса, Жаңа Зелендия мен Австралиядан  қосымша күш тартылады.