Пәкістанда қар көшкінінен 11 адам қаза тапты

Пәкістанның Гилгит-Балтистан аймағында қар көшіп, 11 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

25 тұрғын жарақат алған. Марқұмдардың бәрі – осы маңды мекендейтін малшылар мен олардың отбасылары. Олардың арасында 4 әйел мен бүлдіршін бар. Шопандар Шоунтер деп аталатын асу арқылы бір отар қойды алып өтіп бара жатқанда қар көшкен.

Жергілікті билік ауа райының қолайсыздығы құтқарушылардың жылдам қимылдауына біраз кедергі келтіргенін айтады.