Канадада орман өрті дес бермей тұр

Канадада орман өрті өзге өңірлерге тарап жатыр.

Тілсіз жау енді елдің Жаңа Шотландия провинциясына жетті. Жергілікті БАҚ өкілдері өңірде төтенше жағдай жариялап, адамдарды қауіпсіз жерге көшіре бастады. Соңғы деректерге сүйенсек, бұл аймақта 10 шақты үй күлге  айналды. Қазір аспанды көк түтін басып, қауіпсіздік мақсатында мектептер жабылып, дәріс беру  тоқтатылған.

Айта кетейік, Канададағы тілсіз жау алдымен Альберта провинциясынан басталған еді. Ақпарат көздері 1 млн-ға жуық гектер аумақ, отқа оранғанын мәлімдеді.