Мексикадағы тасжолда атыс болды

Мексикада қылмыс азаяр емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің солтүстігіндегі тасжолда тағы атыс болды. Оқыс оқиға кезінде 10 адам оққа ұшып, 4 полицей жараланған. Қарулы топтар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, шабуыл жасаған. Қазір зардап шеккендер ауруханада, олардың денсаулығы бір қалыпты. Билік 12 бірлік ірі калибрлі қару мен 3 брондалған жүк көлігін тәркіледі. Болжамға қарағанда атыс 2 қылмыстық топ арасында болған.