Канадада орман өртінің аумағы ұлғайды

Канаданың Жаңа Шотландия провинциясындағы орман өртінің аумағы ұлғайып, 850 гектар жерге жетті.

Лаулаған жалыннан АҚШ-тың Массачусетс штатын көк түтін тұмшалай бастады. Табиғат апатынан 18 мың тұрғын эвакуацияланды. 200-ге жуық үй жанып кетті. Тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. Аптап ыстықтан өңірде өрт қаупі күшейді.