Джо Байден әскери оқу орнындағы салтанатты шара кезінде құлап қалды

Бірақ күзетшілері қолтықтап тұрғызған соң, ешкімнің көмегінсіз өз орнына барып тұрды.

Оқиға АҚШ әуе әскери күштері академиясы түлектерінің кешінде болды. Күзетшілері оның жерден тұруына көмектесіп жатқанда Байден артына қарап, сүрініп кеткенін ыммен білдіргендей болады. Бұдан кейін Ақ үйдің қоғаммен байланыс қызметі Байденнің жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Айта кетейік, 80 жастағы саясаткер бұған дейін келесі жылы өтетін президенттік сайлуаға қатысатынын мәлімдеген. Дәрігерлер президентті тексеріп, денсаулығы жақсы деген шешім шығарған еді.